18.03.2016, 11:15
Оқылды: 25

Нәресте Айшаның тұсауы кесілді

????????????????????????????????????

   Атаулы мереке қарсаңында Ақжайық аудандық кітапханасы ғимаратында «Салт-дәстүр – ұлт қазынасы» атты шырайлы шара ұйымдастырды. Кітапхананың оқырмандары, тұрғындар шақырылған бұл мереке керемет сәттерімен ұзақ есте қалғаны сөзсіз.


Осында алдымен Чапаев тұрғындары Ержан мен Римма Сарановалардың тұңғыш немерелері Айшаның тұсауы кесілді. Сахналандырылған емес, кәдімгі жанды осы көрініс арқылы кітапханашылар тұсаукесер тойының мән-маңызын ұғындырды. Айталық, бұл салтты аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, ауыл-елге сыйлы, ардақты ана-әже орындайды. Айшаның ата-әжесінің ұйғарымдары бойынша, жиналғандар арасынан Чапаев әйелдер кеңесінің төрайымы Балым Хамзина нәрестенің тұсауын кесті. Сол бойда «Тәй-тәй балам, тәй балам, шақырып тұр айналаң...» деп әндете жөнелген оны барлық ата-әже қостай жөндеді. Үлкендер де, жастар да халық әндерін әуелетті.

Бұдан кейін мереке «Бесік жыры», «Бата алғанның бағы бар» атты бөлімдермен жалғасты. Нәрестеге ана жырларының қуаты, бата-тілектің түрлері жайында мағұлматтар берілді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале