20.03.2016, 14:28
Оқылды: 17

Жәнібектіктер белсенді дауыс беруде

????????????????????????????????????

  Бүгін Жәнібек ауданының барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны өз уақытында басталды. Мемлекеттік әнұран орындалып, ең алғаш дауыс беруші мен ең бірінші келген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Халықтың осынау шараға белсенділігінің жоғары екендігін ауылдың тұс-тұсынан өз учаскелеріне қарай бет алған жұртшылықтың қалың нөпірінен-ақ байқауға болады.


№139 сайлау учаскесінің  комиссия төрайымы Аққу Нұрғалиева:  - «Отанды сүю - бабалардан  мирас  болған ұлы   мұраны  қадірлеу, оны көздің  қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп деген сөз. Барша қазақстандықтардың  жұмысының түпкі мәні – осы!»,- деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай,  жарқын болашаққа қадам басқан  еліміздің  алдындағы басты міндет бірлігін бекемдеп, ұлы істер жолында  ұлтты ұйыстыра білу болмақ.  «Сайлау-2016» науқаны да  бірлігімізді айқындар сын болмақ. Осынау маңызды шараға жерлестеріміздің саналы көзқарас танытып, белсенділікпен сайлау учаскесіне келіп, біркісідей дауыс беріп жатырғандарына риза көңілмен қараудамын. 976 сайлаушы тіркеліп отырған    учаскеде  науқан заң аясында жүріп жатыр.

Төлеп Көбейсінов, еңбек ардагері: -  Жігерлі, уақыттың ағымына бейімделе білетін, сауатты шешім қабылдап, салиқалы бастама көтеретін, заңдылықты қамтамасыз ететін халық қалаулыларын таңдай білу баршамызды ортақ шаңырағымыздың  тағдырына селқос қарамауға үндейді.  Сондықтан да бүгінгі сайлауға қатынасып, азаматтық көзқарасымды білдіріп, қоғам үшін белсенді қызмет ететін халық қалаулысын таңдау мәселесіне өзімнің де қатысқанымды зор мәртебе санаймын.

  Азиза Құсайынова,  №139 сайлау учаскесінің  ең жас сайлаушысы:   Жәнібек колледжінде «Аспазшы» мамандығында оқимын. Өндірістік шеберім Мукаррама Аюповамен бірге  28 наурыз күні Орал қаласында оздырылатын облыстық колледж студенттері арасындағы байқауға қатысқалы отырмын. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы халыққа арнаған  Жолдауында  «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- Мәңгілік Ел идеясы»,- деп ерекше   атап көрсеткен болатын.  Рухымызды көтерген, жігерімізді жаныған, жасампаз арман мен  жарқын жолға бағыт ашқан  осынау  идея бәрімізді рухтандырды.  Ал, рухы мығым елдін алмас асуы, шықпас шыны болмайды.  Еліміздегі тыныштықтың тұғырлы, тәуелсіздігіміздің бекем болуы үшін барша азаматтар саяси сауатты да белсенді болуы қажет.  Мен елімнің жас патриоты ретінде  өз дауысымды  дұрыс таңдадым деп есептеймін. Бүгінгі күні жерлестеріміздің  өз таңдауын дұрыс жасап жатқанына нық сенімдімін.

   Мұрадым Өтеғалиев, Жәнібек ауылының тұрғыны:«Әлем» шаруа қожалығында жүргізушімін. Еліміздегі тату-тәтті тыныштық, ұйысқан ынтымақтың бекемдігі қоғам өмірінің әр саласынан айқын көрініп тұрғанына бәріміз куәміз.  Таң құланиектеніп атқанда-ақ, жерлестеріміз өз учаскелеріне ағылып келіп жатыр. Өзім ең бірінші дауыс беру мәртебесіне ие болдым. Халықтың көңілі шат, ойлары нық, белсенділігі жоғары. Бұның өзі халықтың мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына деген сенімінің мықтылығын, келешектің жарқын боларына деген үмітінің зор екендігін айқындайды.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл Фазылова

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале