20.03.2016, 20:08
Оқылды: 26

Зеленовтықтар сайлауда белсенді ат салысты

????????????????????????????????????

 Зеленов ауданы орталығындағы №155 учаскесіне таңмен келген  аудан басшысы Кәрім Жақыпов өз таңдауын жасап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдисат Ізбасов атамыз бұл сайлаудың еліміз үшін маңыздылығын айтып, дауыс берді.


Ал, сайлауға тұңғыш қатысқан Валентина Семеняк:

-Бұл күннің мен үшін маңызы зор. Себебі, сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Әр тұрғын дауыс беруге немқұрайлы қарамай өз таңдауын жасағаны дұрыс,-дейді Орал гуманитарлық  колледжінің студенті.  Он сегіз жасар Валентинаға №155 сайлау учаскесінің төрағасы Есбол Абдолов ескерткіш сыйлық ұсынып, рахметін жаудырды.

Айта кетейік, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан  сайлаудың өту барысын байқау үшін Александр Любаев, Алексей Белов, Евгений Богомолов сынды байқаушылар келген болатын.

- Қазақстандағы БАҚ өкілдері секілді, Ресейдің де БАҚ өкілдері сайлаудың барысы,  жалпы өтілу жағдайы жөнінде кеңінен  ақпараттар таратуда. №155 учаскескесіндегі сайлау бейбіт түрде демократиялық бағытта өтіп жатыр. Сайлауға өз кандидатурасын ұсынған үміткерлер, партиялар халықтың  үмітін ақтайды деп сенемін,- дейді халықаралық байқаушы Александр Любаев.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі  МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале