31.05.2016, 16:12
Оқылды: 35

177 сырымдық қуғын-сүргінге ұшыраған

syrym repressiaБүгін сырымдықтар аудан орталығы Жымпитыда орналасқан Алаш саябағындағы Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған қара жиын осы саябақтың ішіндегі қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне тұрғызылған стелланың басында өтті.


Қаралы жиында аудан әкімі Абат Шыныбеков сөз сөйледі. Аудан әкімі ұлтына деген махаббаты үшін ғана азап көрген, ажал құшқан қазақ қайраткерлерінің есімдері Тәуелсіздік деген құндылықпен бірге қадірлі бола түсетінін айтты.

Өткен ғасырдың 30-жылдары Кеңес өкіметінің соқыр саясаты қазақ зиялыларының соңына шам алып түсті. Осы жылдары ғылым, мәдениет және саясат саласының өкілдері нақақтан-нақақ ату жазасына кесілді. Олардың жанұялары да қуғын көрді. Қазақстанда 103 мың адам қуғынға түсіп, олардың 25 мыңы атылған. Мұрағат деректері алақандай Сырым ауданының өзінен 177 адам қуғын-сүргінге ұшырады дегенді айтады.  Осылардың 105-і атылыпты. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жымпитылық азаматтың бірі – Әлмұханбет Оспанов. Шараға осы кісінің ұрпағы Наурызғали Оспанов  қатысты.

Жиынның басында көрермендер Жымпиты халық театрының «Нәубет жылдар» атты саяси қуғын-сүргін кезіндегі қазақ жанұяларының тағдырын суреттейтін қойылымын тамашалады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале