17.03.2016, 16:33
Оқылды: 20

18 – 19 наурыз күні облысымызда кей жерлерде бұрқасын болады

Jeldin kyshi   «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 17 наурыздағы мәліметі бойынша 18 – 19 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа күшейеді.


Орал қаласында 18-19 наурыз күні бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа күшейеді.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуін ескертеді.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілуін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылуын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлануын сұрайды: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале