10.12.2015, 19:09
Оқылды: 20

180 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Tyrgin yi 02 Бүгін «Болашақ-Т» ЖШС-нің басшылығы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өздері салған 9 қабатты тұрғын үйдің таныстырылымын жасады.


Аталған мекеме 180 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысын 2014 жылы желтоқсан айында республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан бастаған болатын.

Бұл тұрғын үйдің құрылыс материалын, плиталарын «Болашақ-Т» ЖШС-і мекемесі өздері дайындаған. Құрамындағы цементі Ақтау қаласынан жеткізілген қазақстандық өнім екен. Құрылыс плиталарын дайындау барысында немістің соңғы үлгідегі техникалық құрылғыларын қолданған. Қазіргі таңда тұрғын үйдің негізгі құрылысы аяқтала келіп, лифт шахтасының құрылысы жүруде.

Tyrgin yi 03

"Болашак-Т" ЖШС-нің директоры Хайдар Косщановтың айтуынша, қазіргі таңда екі көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Мекемеде 77 адам тұрақты жұмыс істеуде.

 Әзірге тұрғын үйдің шаршы метрі 160 мың теңгеге бағалануда. Айта кететін жәйт,  ең кіші бір бөлмелі пәтердің  өзі 51 шаршы метрді құрайды.

 www.zhaikpress.kz

Ә.Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале