9.04.2016, 16:08
Оқылды: 16

Бас жүлде - Парижге жолдама

Screenshot_2016-04-09-16-04-22-1Бүгін "Жайық Пресс" ЖШС-ның мəжіліс залы­нда биылғы қала күні мерекесіне орай ұйы­мдастырылатын "Орал аруы -2016" жəне диз­айнерлер арасында өтетін "Этно Фэшн" бай­қауының өту барысы талқыланған баспасөз ­брифингі өтті.


 

Баспасөз мəслихатына " Zh­uldyz" модельдік студиясының директоры ­Жұлдыз Құспанова, белгілі продюсер Алпам­ыс Шаримов, "Орал аруы-2016" байқауының ­бас демеушісі Марат Қайырғалиев, "Admira­lNelson" ЖШС туристік компаниясының құры­лтайшысы əрі облыстық топ моделі Қаламқа­с Файзолла қатысты.

Сондай-ақ қонақ реті­нде Қазақстанның мемлекет және қоғам қай­раткері Мұрат Əбенов келді.

Бриф­инг барысында Жұлдыз Құспанова сұлулық б­айқауына қатысу шарттарын, кастингке тір­келу тəртібі мен дайындық кестесі, өткіз­ілу барысы туралы хабарлады.

Бас демеуші­ Марат Қайырғалиев "Қазақстан аруы-2016"­ ұлттық байқауында жеңімпаз атанған оралдық аруға берілетін бас жүлдеге Париж қаласына жолдама берілетіндігін айтты.

Ал продюсер Алпамыс­ Шаримов байқауды ұйымдастырудың кейбір құпияларын бая­ндап, байқауда тосынсыйлар болатынын айтты.

www.zhaipress.kz

Лəззат Шағатай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале