«Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында «Мейрім шуағы» қайырымдылық керуені сапарға шықты.
«Зенит» зауыты» АҚ, «Орал механикалық зауыты», «Электрод», «Орал-Терминал», «Аяз», «Қазақстан Елім», «Альтайр» ЖШС-лары сынды он төрт кәсіпорынның демеушілігімен жасақталған керуен Орал қаласындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүгедек, көпбалалы 190 отбасының үйіне барды.