18.05.2015, 11:02
Оқылды: 19

Жаңақалада «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясының жеңімпазы анықталды

Janakala tybirtekti talap et aiaktaldi    Жаңакала ауданында тұтынушының қаржылық сауаттылығын көтеру, салық заңнамасын таныстыруды мақсат еткен "Түбiртек талап ет-жүлденi ұтып ал!"акциясы қорытындыланды. Аудандық мелекеттiк кiрiстер баскармасынын ұйымдастыруымен ауданда 1-30 сауiр аралығында өткен акцияға аудан халқы белсене қатысты. Мектеп оқушылары, қызметкерлер, жастар қамтылып, барлығы 200-ге жуық адам қатысқан акцияның жеңімпазы аудан тұрғыны Төлегенова Райса Жаңабайқызы атанып, ұялы телефонға ие болса, белсенді қатысқан Елешова Альбина Дәулетқалиқызына да естелік сыйлық табыс етілді.

   Акцияның облыстық кезеңіне қатысқан Төлегенова Райса Жаңабайқызы 12 үміткердің ішінен тағы да жүлдегерлер қатарынан көрініп, ІІІ орынды иеленді.

     Бұл акция ауданымызда жыл бойы оздырылмақ.

 www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале