9.04.2019, 19:15
Оқылды: 39

Қорға түскен соманың 3,1% - батысқазақстандықтардың үлесі

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 наурызы аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 157,8 млрд теңгені құрады. Биылғы наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд. теңгеден астам жарна түсті.

FSMS (2)

Оның 149,1 млрд. теңгесі (шамамен 94,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд. теңге (5,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Қорға түскен соманың 3,1% батысқазақстандықтардың үлесі болып табылады.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале