5.06.2019, 18:42
Оқылды: 80

Оралда ауыл шаруашылығы өнімдерінің үш түрлі жәрмеңкесі өтеді

9 маусым күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Орал қаласындағы үш жерде үш түрлі сауда жәрмеңкесі өтеді.

жарменке

«Ел-ырысы» көтерме-бөлшек сауда базары, Зачаган кентіндегі «Жәңгірхан» сауда үйі алдында және Ықсанов көшесі бойында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімдерін ұсынады.
Жәрмеңкеде ет, балық және сүт өнімдері («Ел ырысы»), бақша, жеміс-жидек өнімдері, бал, жұмыртқа, шұжық, консерві өнімдері, қайта өндеу өнімдері жəне тауық балапандары (Ықсанов көшесі бойында), бақша, жеміс-жидек өнімдері, бал, жұмыртқа, шұжық, консерві өнімдері және қайта өндеу өнімдері (Зашаған кентіндегі «Жәңгірхан» сауда үйі) сатылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале