8.08.2017, 18:58
Оқылды: 17

Биыл жаңартылған бағдарламамен қай сыныптар оқымақ?

 

n_2ZBc4Bxj4Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында  облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Гумарованың қатысуымен  облыстағы білім беру ұйымдарының жаңа 2017-2018 оқу жылына әзірлігі туралы  брифинг өтті. 


2016-2017 оқу  жылының 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық 1 сыныптарында  білім берудің жаңа бағдарламасы енгізілгені белгілі. Осыған орай, 2017-2018 жаңа оқу жылында 2,5,7 сыныптар жаңартылған білім бағдарламасына көшірілетін болады. Функционалдық сауаттылыққа бағытталған аталған бағдарлама 30 пилоттық мектепте  апробациядан сәтті өтті. Жаңартылған білім беру бағдарламасы кестеге сәйкес 2018 ж. -3,6,8,10 сыныптар, 2019 жылы -4,9,11,12 сыныптар кезең-кезеңмен енгізіледі.

2016 жылдан бастап жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 563 педагог жергілікті бюджет есебінен ағылшын курстарымен қамтылды. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту эксперименті жүргізілетін мектептердің тізімі анықталды. Баспаханаларға жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ағылшын тіліндегі оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендердің 13271 данасына тапсырыс беріліп, сәйкесінше келісімшарттар жасалды.

Брифинг соңында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Зәуре Базарғалиқызы журналистер сұрағына жауап берді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале