28.02.2015, 12:55
Оқылды: 32

20 жылдыққа АРНАЛҒАН ЖАРЫС


 Жақында қалалық мәдениет және демалыс саябағында БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, облыстық санэпидсараптама орталығы, қалалық обаға қарсы стансасы, қалалық дезинфекциялық стансасы арасында шаңғы спортынан жарыс өтті.


Осынау аталмыш ұжым-дарда сан ұлттың өкілдері еңбек етеді. Олар бұл сайысты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнады. Әйелдер арасында 1-орын облыстық санэпид-сараптама орталығының инженері Я. Вивтоненкоға бұйырды, 2-орынды тұтынушылардың құқықтарынын қорғау департаментінің бас маманы Л. Әжіғалиева алды, 3-орында облыстық санэпидсараптама орталығының зертхана меңгерушісі А. Қожахме-това келді. Ерлер ара-сында 1-орынды облыстық санэпидсараптама орталығының директоры К. Қалиев, 2-орын Орал қалалық обаға қарсы стан-сасының маманы А. Жүнісов, 3-орын тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Д. Сәукеновтің қанжы-ғасына бұйырды.

Сонымен қатар осы  жарыс барысында арқан тарту, гір көтеру сықылды сайыстар да тартысты өтті.


Светлана УӘЛИЕВА,

БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау

департаменті кәсіподақ комитетінің төрайымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале