27.11.2015, 20:23
Оқылды: 17

200 мың теңгенің қайырымдылығын көрсетті

Akjayik 200 kayirimdiligin kordetti   Балалар үйлеріндегілерді қуанту мақсатында Оралда өткен «Қайырымдылық керуеніне» Ақжайық ауданының өкілдері де белсенділікпен атсалысты. Олар «Строительный» шағын ауданындағы 70 бала тәрбиеленіп жатқан мекемеге құны 200 мың теңгеден астам киім-кешек, спорттық құралдар, ойыншықтар сыйлады.


Бұл қайырлы іске атсалысқан шаруа қожалықтарының жетекшілері, әрқайсысы 20 мың теңгеден үлес қосқан Мұрат Мұхамедияров (Есенсай ауылдық округі), Алмаз Найманов (Ақжол ауылдық округі), ауданның білім саласы, қоғамдық ұйымдар, «Жайықтехсервис» кәсіпорны, агроехколледж ұжымдарына және басқаларға балалар шын жүректен ризашылықтарын арнады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале