1.05.2016, 12:04
Оқылды: 51

Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті

Screenshot_2016-05-01-15-47-06-1Бүгін Орал қаласының Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерті өтіп, оған облыс əкімі Алтай Көлгінов қатысты. Сонымен қатар облысымыздағы этно-мəдени орталықтардың өкілдері мен түрлі ұлттар, үкіметтік емес ұйымдар мен түрлі қоғамдық бірлестіктер, жастар мен студенттер көп жиналды.


 

IMG-20160501-WA0075Салтанатты шара театрландырылған көрініспен басталып, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары "Достық" тақырыбында өлең жолдарын оқыды. Бұдан кейін "Орал сазы" фольклорлық ансамблі Мəменнің "Ақжелеңін", орыс халқының ұлт-аспаптар оркестрі қазақ халқының "Көкпар" шығармасын орындады.

IMG-20160501-WA0073Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияның əншілері əннен шашу шашса, "Назерке" халық би ансамблі сахна шырайын бимен көмкерді.

Бұдан кейін облыс əкімі Алтай Көлгінов облыс жұртшылығын атаулы мерекемен құттықтап, елдегі береке мен бірліктің, ынтымақ пен татулықтың одан əрі нығая беруіне тілектестігін білдірді.

IMG-20160501-WA0082БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері де салтанатты жиында жүрекжарды тілектерін арнады.

Айта кетейік, орталық алаңда қаламызда мекен еткен түрлі ұлт өкілдері көрме ұйымдастырып, қала жұртшылығына ұлттық тағамдарынан дəм таттырды.

Оралдың орталық алаңындағы концерт композитор Ескендір Хасанғалиевтің "Жасыл жайлау" əнімен тəмамдалды.

www.zhaikpress.kz

Лəззат Шағатай

IMG-20160501-WA0074IMG-20160501-WA0078

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале