12.05.2015, 17:56
Оқылды: 26

2014-2015 оқу жылында білім саласы 429 жас маманмен толыққан

Kaz Oral Minbaeva Бүгін «Қазақстан-Орал» телеарнасында облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

  Айгүл Әділгерейқызының айтуынша, облыстың білім беру жүйесінде жалпы саны  397 мектепте  88 628 оқушы білім алуда. Мектепке дейінгі білім беретін 465 мекемеде 28105 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 145 мемлекеттік балабақша, 4 жеке балабақша, 52 мектеп-балабақша кешені, 260 мемлекеттік шағын орталық, 4 жеке шағын орталық бар. Сонымен бірге 5 кешкі мектеп, 38 колледж, 57 қосымша білім беру ұйымдары қызмет атқаруда.

   Биылғы жылы білім беру саласының нақтыланған бюджеті 47,5 млрд. теңгені құрайды. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде 5 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге республикалық бюджет есебінен  293105,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 5 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына 346033,0 теңге бөлінді.  Қазіргі таңда  күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

   Облыстың білім саласында 20960 педагог қызметкер жұмыс жасайды. Өткен жылы 429 жас маманның жұмысқа келуі білім сапасын көтеруге мүмкіндік берді. 208 жас маманға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие бөлініп, 335 педагог көтерме жәрдемақы алған.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале