5.01.2016, 11:57
Оқылды: 21

2015 жылдың 11 айындағы өнеркәсіп өнімі 1121,3 млрд. теңгеге өндірілді

IMG-20160105-WA0003   Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім еткендей, өткен жылдың қаңтар–қараша айлары аралығындағы табиғи газдың өндіру көлемі 18,0 млрд. текше метрді құрады, 2014 жылдың тиісті мерзімімен сәйкес деңгейде(2014 ж. 11 айында – 18, млрд.текше.м), газ конденсаты – 11,4 млн. тоннанемесе 2,3%-ғатөмен(2014 ж.11 айында – 11,6 млн.тонна), мұнай – 214,5 мың тонна, бұл да 18,4%-ғатөмен(2014 ж. 11 айында - 262,8 мың.тонна).


 

Анықтама ретінде: мұнай өндірудің қысқаруы мұнай бағасының төмендеуіне, сондай-ақ «Жайықмұнай» ЖШС өндіріс қуатына жоспарлы-жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, газ конденсатының өндірудің – ҚПО б.в өндіріс қуатына жоспарлы-жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне, «Газпром добыча Оренбург» ООО тазартылмаған газды қабылдау көлемінің азаюына байланысты.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен 87,6млрд.теңгеге өнім өндірілді.Дайын металл (19,6 %-ға), жиһаз  (1,4%-ға) өнімдері өндірістерінде өсу қарқыны байқалады.

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале