12.04.2016, 16:08
Оқылды: 24

2015 жылы БҚО-да шағын және орта бизнестің құны 6 млрд. теңгелік 108 жобасы мақұлданды

 Kulginov (2)     2015 жылы Батыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнестің құны 6 млрд. теңгелік 108 жобасы мақұлданды. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.


     «Кәсіпкерлікті дамытуда шағын және орта бизнес субъектілері айтарлықтай рөлге ие. Жыл басынан бері облыста тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 45,4 мыңды құрады. ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 108 мың адамды құрайды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық. Мемлекет бюджетіне шағын және орта бизнестен түсетін салық түсімдері 49 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 млрд. теңгеге артық. 2015 жылғы салық түсімдеріндегі ШОБ үлесі 30,6 пайызды құрады»,-  деді А.Көлгінов.

     Оның айтуынша, өңірдегі кәсіпкерлік белсенділігінің артуына мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы септігін тигізген. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 56 млрд. теңгеге 513 жоба мақұлданған. 22 мың жұмыс орны сақталып қалып, қосымша 3 300 жаңа жұмыс орны құрылған. Ауылдық жерлерде 20 млрд. теңгеге 195 жоба мақұлданған.

     Мұнан бөлек, 2015 жылы 6 млрд. теңгеге 108 жоба мақұлданып отыр. Мақұлданған жобалардың 56 пайызы ауылдық жерлерге тиесілі.

 www.zhaikpress.kz

Марлан Жиембай   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале