24.02.2016, 11:41
Оқылды: 34

2015 жылы облысымызда 84,5 млрд.теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары жүргізілген

Akimm01   Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесужәне экономиканы дамытудағы маңызды  фактор құрылыс саласы болып табылады. 2015 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,6%-ға өсіп, 84,5 млрд.теңге құрады.


Атқарушы органдардың басымды міндеттерінің бірі тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері болып табылады. Осы салаға 19,3 млрд.теңге инвестициялар салынып, 21%-ға өскен.

261,9мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2014 жылғыдеңгейден 1,8%-ға көп. Бұл көрсеткіш бойынша жоспар 9%-ға немесе 21,9 мың шаршы метрге артық орындаған.

2015 жылы тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға 4,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,1 млрд.теңге, Ұлттық қордан – 3,4 млрд.теңге.

6 көп пәтерлі тұрғын үй (735 пәтер), оның ішінде Орал және Ақсай қалаларында тұрғын үй құрылысы жинақ желісі бойынша 4 көп пәтерлі тұрғын үй (450 пәтер), Орал қаласында жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға 2 көп пәтерлі тұрғын үй (280 пәтер) және Ақжайық ауданында 5 бірпәтерлі тұрғын үй салынды.

Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысын аяқтауға 772,5 млн.теңге қарастырылды. Жалпы алаңы 40,9 мың шаршы метр (504 пәтер) 4 көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға Ұлттық қордан1,1 млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 365,2 млн.теңге қарастырылды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале