6.11.2018, 12:53
Оқылды: 70

2019 жылы цифрлық жүйемен ел тұрғындарының 95% қамтылады

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Цифрлық эфирлік Телерадио хабарларын тарату бағдарламасын жүзеге асыру қолға алына бастады. Цифрлық эфирлік көшу әкімшілік-аймақтық бірлік мерзіміне сәйкес, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің Жарлығы бойынша № 262 13.06.2008 ж. қолданыстағы хабар таратудың ұқсас желілерінен кезең-кезеңмен ажырату арқылы іске асырылмақ.

cirflyq

Айта кету керек, сандық телевизияға ауысу – халықаралық «Женева 2006» халықаралық келісімі аясында жүзеге асқалы отыр. Мемлекеттік бағдарламаны атқарушы Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ болып табылады.

         Жобаның негізгі мақсаты қала және елді мекен тұрғындары арасындағы ақпараттық теңсіздікті азайту арқылы телеарналар санын көбейту. Осылайша ақпаратқа қолжетімділікті арттыру. ҚР аймағында отандық телеарналарды көру аясын кеңейтудің негізінде мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыру. Жалпы телеконтент нарығында отандық телеарналардың хабар тарату үлесін көбейту. Тұрғындарға және телеарналарға қызмет көрсетудің, сондай-ақ бейне және дыбыс сапасын халықаралық талапқа сай болуын қамтамасыз ету.

Бағдарлама нәтижесінде ҚР тұрғындарының 99,8% көпбағдарламалы телехабар таратудың жоғары сапалы цифрлық желісіне тегін қол жеткізетін болады. Осыған дейін хабар таратудың ұқсас желілерінде ел тұрғындарының жартысы орта есеппен 5 телеарнаны ғана көрген болса, эфирлік сандық хабар тарату бағдарламасын іске асыру барысында қабылданатын каналдар саны артады. Мұндағы басты факторлардың бірі Қазақстан ТРК облыстық хабар тарату желісінің жұмыс жағдайын барынша жақсарту болмақ.

Цифрлық хабар тарату негізінде облыс орталықтары 30-ға тарта телеарнаны көру мүмкіндігіне ие болса, ал қамту аймағы шегіндегі елді мекендер 15 телеарнаны тамашалайтын болады.

Цифрлық хабар таратудың артықшылықтары мұнымен шектелмейді. Ерекшелігі басым жаңа бағдарлама мәзірі екі тілде (қазақ, орыс) жасалған. Хабарлардың электронды бағдарламасы, көрерменді жаңалықтармен, өзгеріс және профилактикалық жұмыстар туралы тв-пошта арқылы теледидар экранына хабарлама жіберілетін болады.

Эфирлік цифрлық телевизияның басымдықтарына тоқтала кетсек. Мәселен, жалпыға бірдей қолжетімді каналдардың бірінші және екінші мультиплекс бойынша абоненттік төлем алынбайды.

Қарапайым теледидарды DVB-T2/MPEG-4 форматтағы цифрлық құрылғыға және дециметрлік дипазонды антенге жалғау арқылы цифрлік эфирлік телехабар тарату желісіне қосылуға болады.

 Хабар таратудың ұқсас желілері сияқты цифрлық эфирлік телевизия жалпыға бірдей қолжетімді, тегін әрі қосылуы қарапайым болғанымен бейне және дыбысты өте жоғары сапада ұсынатын болады.

Эфирлік телехабар таратудың цифрлық желісінің айрықша басымдықтарының бірі – жиілік ресурстарын тиімді пайдалану арқылы көрсетілетін арналардың санын көбейту болып табылады. Бір жиіліктегі сәйкес бағдарламаның орнына 15 цифрлық арналар топтамасының толық пакет (мультиплекстер) ұсынылады. Әзірге «аналог» жоқ саналатын (телегид, телетекст, субтитр және т.б.) электронды қызметтер қатарын ұсынылады. Қосымша телехабар таратуды сапалы дамыту мақсатында (HDTV-жоғарғы сападағы телевизия, интерактивті ТВ және т.б.) жаңа мүмкіндіктерді қолға алу көзделуде.

2018 жылдан бастап Қазақстанда эфирлік сандық хабар тарату кезең-кезеңмен жүзеге асты. Осылайша аналогты хабар таратудан түбегейлі бас тарту жоспарланып отыр. Теле және радио арналар цифрлық эфирлік хабар тарату желісінде телерадиокомпаниялар мен телехабар тарату операторлары арасындағы келісімге сәйкес қызмет көрсететін болады.

Цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуға көшу кезеңмен жүргізілетін болады. Мәселен, 2018 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы, желтоқсан айында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары қамтылады. Ал алдағы жылдары Атырау, Қызылорда, Алматы облыстары. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары да жоспарда бар. Бұдан кейінгі кезең бойынша Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалаларын қамту көзделіп отыр.

2019 жылға дейін бағдарлама бойынша цифрлық жүйемен ел тұрғындарының 95% қамту жоспарланып отыр.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале