19.01.2018, 19:07
Оқылды: 77

2020 жылы Орал қаласы қоғамдық WI-FI жүйесімен толық қамтамасыз етілмек

 Image_130 jpgБұл жайлы бүгін облыс активі жиынында Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев айтты.

– Елбасының биылғы Жолдауында бүкіл әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басқанын айтты. «Smart City» тұжырымдамасы арқылы еліміздің барлық қалаларын жаңа технологиямен қамтамасыз ету көзделуде. «Ақылды қала» баршаға қауіпсіз болуы шарт. Бұл бағытта қала бойынша үш мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Былтыр камералар арқылы 14 мыңнан астам құқықбұзушылықтың жолын кесуге, 82 қылмыстық оқиға дерегін анықтауға мүмкіндік туды. Тұрғындар мен ПИК және қала әкімдігі арасындағы онлайн байланысты қамтамасыз ету үшін «Электронды ПИК» жүйесі іске қосылды. «2018-2023 жылдары Орал қаласындағы қоғамдық көліктерді жаңғырту» тұжырымдамасына сәйкес бұл бағытта автоматты түрде бақылау жүйесі мен электронды төлемақы енгізу бағытында жұмыс жүргізіледі. Аялдама павильондарында таяу келген автобус туралы ақпар беретін электронды табло орнатуды көздеудеміз. 2020 жылға қарай қаланы қоғамдық WI-FI жүйесімен толық қамтамасыз ету жоспарлануда. WI-FI жүйесі жаңа алаңда қосудан бастаймыз,-деді Орал қаласының әкімі.

Нұртай Текебаев
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале