20.01.2016, 15:07
Оқылды: 22

21 қаңтарда БҚО-да бұрқасындатып, жел күшейеді  

 

Boran«Қазгидромет» РМК БҚО бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың 21 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.


Орал қаласында 21 қаңтарда бұрқасын күтіледі, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале