20.05.2015, 8:10
Оқылды: 17

Ернар ерледі!

Shingirlau barekeldi


Өзі төгілтіп ән салатын әрі балуандық өнердің қыр-сырына қанығып жүрген жас қыранды білгіңіз келе ме? Танысыңыз, оның есімі — Ернар Жүсіпов. Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы, Шыңғырлаудың перзенті.


Ернар самбо, дзюдо күресімен айналысады. Ақсай қаласында өткен облыстың бірнеше дүркін чемпионы Ж. Қисметовті еске алуға арналған турнирде 55 келі салмақта бірінші орын алып, 100 мың теңге сыйақыға ие болды. Төрт белдесуін басымдықпен ұтқан жас балуан ақтық сында ақсайлық әріптесінен айласын асырды. Белдесу аяқталуға 30 секунд қалғанда, әдемі әдіс жасап, таза жеңді.

Бізге Оралдағы Ернардың бапкері Нариман Бекқалиевпен телефон арқылы тілдесудің сәті түсті. «Ернар – талантты бала. Сабағын да оқиды, жаттығуда да аянбай тер төгеді. Ән де салады» , – деді білікті бапкер.

Жеңісті  жолың  жалғасып,  жерлестеріңе  жұғысты  болсын,  Ернар!

Адақ  ТАНАБАЙҰЛЫ,

Шыңғырлау  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале