20.12.2018, 13:16
Оқылды: 24

22 маршрут жүргізушілері мен автопарк басшылығы келісімге келді

Кеше, 19 желтоқсан күні, түскен кейін 22 маршруттың барлық автобусы жүрісін тоқтатқан болатын. Жүргізушілер мен кондукторлар «автопарк тарапынан жұмысқа қолайлы жағдай жасалмаған» деп наразылық танытты. Автопарктегі көлік жуу орнын ақылы қылғаны да қызметкерлерге ұнамаған. Автопарк олармен келісімге келіп, бүгін таңмен 22 маршруттың қызметі қалпына келді. Орал қаласы әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов пен «Батыс Қазақстан автобус паркі» директорының орынбасары Данияр Мұхтаров бұл келеңсіз жағдай жайлы түсінік берді.

avtobus-111-768x512

- №22 маршруттың жүргізушілерінің бәрімен жүздесіп, сөйлестік. Қазір №22 маршурттың 25 автобусы қайта жолға шықты,- деді қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов.

- «Батыс Қазақстан автобус паркіндегі» мәселе шешілді. Жүргізушілермен келіссөз жүргізіліп, жұмысқа шықты. Жүргізушілердің қойған талаптарының бәрі орынсыз. Олар жол жүру билеттерін жолаушыға беруден бас тартты. Бір жүргізуші белгілі бір себеппен жұмыстан шығарылды. Автопарктегі қызметкерлер өздеріне бекітілген тәртіпті сақтауы тиіс.

Қазіргі таңда автобус паркінде жүргізушілер демалуға арналған орталық ашылды. Жүргізушілер мен кондукторларға тиісті формамен жұмысқа шығады. Ал тәртіпке бағынбаған жүргізушілерге тәртіптік жаза қолданамыз. Мәселен, кей жүргізушілер билеттерді тапсырмаймыз, халыққа билет бермейміз деп дау көтерді. Олармен сөйлесіп, түсіндірдік. Заң бойынша автобус паркі әр жолаушыға билет беруге тиісті. Жүргізушілердің жалақысы 70 мың теңге. Өздерін жақсы қырынан көрсеткен қызметкерлерге қосымша 30-35 мың теңге көлемінде сыйақы төленеді, - дейді «Батыс Қазақстан автобус паркі» директорының орынбасары Данияр Мұхтаров.

Қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжановтың айтуынша, Орал қаласында 6 тасымалдаушы компания бар. Бүгінде 28 маршрут бойынша 500-дей автобус қала тұрғындарына қызмет көрсетеді. Олардың барлығына GPS құрылғы орнатылған. Infobus мобильді қосымша арқылы кез келген тұрғын автобустың қай жерде келе жатқанын көре алады. Төрт маршрутта электронды билет, 8 маршрутта SMSBus Жүйесі жұмыс жасайды. Биыл 35 автобус жаңартылды. Келесі жылы 135-і жаңартылмақ.

91_main avtobus-4-768x512

Динара Насыр

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале