16.10.2015, 18:08
Оқылды: 36

249 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады

налог2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 249 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

Солардың 16-сы әкімшілік айыппұл, оның сомасы 689376 теңге, барлығы да толық өндірілді (бұл кірістер басқармасының айыппұл өндіру жағынан аудан бойынша алдыңғы орында деген сөз).

249 істің 25-і заңды тұлғаға қатысты қозғалды, біреуі алкоголь өнімдері үшін ілеспе жүк құжаттарын уақтылы бекітпегені үшін, 2 заңды тұлға салықтарды бюджетке уақтылы аудармағаны үшін, қалған 23 заңды тұлға салық есептіліктерін мерзімінен кешігіп табыс еткені үшін жауапкершілікке тартылды. Қалған әкімшілік істер жеке кәсіпкерлерге қатысты қозғалды, олар тиісті салықты бюджетке уақтылы аудармағаны және салық есептіліктерін мерзімінен кешігіп табыс етпеген.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале