4.12.2015, 17:27
Оқылды: 18

25 адам кеңес құрамына сайланды

Zelenov 25 adam kenes kyramina sailandi   Бүгін Зеленов аудандық Достық үйінде  ардагерлер кеңесінің  конференциясы  болып өтті.

Аудандық ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Марат  Құспановтың басшылығымен өткен бұл басқосуға облыстық ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Мырзағали  Мұхамбетов, аудан  әкімінің орынбасары  Асылұлан Досжанов, ауыл  әкімдері, мекеме басшылары куә болды.


 

Ардагерлер кеңесі - қандай да болмасын шараның басы - қасында болып, ақыл - кеңестерін аямай, кез келген мәселелерді   шешуде маңызды рөл атқарып келе жатқан  қоғамдық  ұйым. Бір сөзбен айтқанда, ақсақалдарымыз қарттыққа қарамай көптеген игі шаралардың өтуіне ұйытқы болуда.

Осы орайда аудан  әкімінің орынбасары Асылұлан Тұрсынұлы әркез ардақ тұтатын ардагерлерге ақжарма алғысын білдірді. Одан әрі  сөз алған аудандық ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Марат  Құспанов жыл бойы атқарылған жұмыс жөнінде баяндама жасады.

Конференция барысында  Достық, Дариян, Железнов, Краснов, Егіндібұлақ сынды селолық  октугтерінен келген ардагерлер кеңесінің төрағалары мен төрайымдары  атқарылған келелі жұмыстармен қоса, бірсыпыра әңгіменің басын қайырды. Мәселен, ардагерлердің арнайы бас қосатын орынның болмауын тілге тиек етті қазыналы қарттарымыз.

Содан  соң Переметный ауылдық  округі қоғамдық келісімнің  төрағасы Николай Анципрович  шешім қабылдады. Сайып келгенде, аудандық ардагерлер кеңесінің құрамына  жаңадан  25 адам  сайланса, ал біздің аудан атынан  облыстық конференцияға  4 делегат   баратын болды.

Жиын  соңында облыстық,  аудандық ардагерлер кеңесінің алғыс хатымен кеңестің бір топ  төрағалары мен төрайымдары марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі  МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале