16.04.2016, 20:15
Оқылды: 31

25 ЖЫЛДЫҚҚА - 25 МЫҢ ТҮП ТАЛ-ТЕРЕК

Screenshot_2016-04-16-22-20-38-1«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, әркез ағаш отырғызып, жасыл желекті күтіп-баптауға аса зор жауапкершілікпен қарайтын зеленовтықтар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай аудан бойынша 25000 түп тал-терек егуді жоспарлаған еді.


 

Screenshot_2016-04-16-22-21-00-1Бүгін осы игі бастама Зеленов ауданы әкімі Кәрім Жақыповтың қатысуымен жүзеге асырылды. Тінін тарқатып айтар болсақ, 16 сәуір - Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнінде 25000 түп тал-теректің алды егілді. Ауданымыздың әр ауылында жүзеге асқан бұл шараға әр тұрғын бір кісідей жұмыс атқарып, тер төкті.
Мәселен, Переметный ауылында ұзын саны 950 түп көшет отырғызылса, соның ішінен жүздеген тал «Жеңіс» кино театры алдына да егілді. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл жер демалыс саябағы болмақ.
Бір күнмен шектелмейтін ағаш отырғызу ісі алдағы уақытта да жалғасын табады.

www.zhaikpress.kz

Динара НАСЫР,
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале