25.06.2019, 19:15
Оқылды: 52

25-ші инспекциялау жұмысы ойдағыдай өтті

Бүгін Оралдағы «Жайық Пресс» медиахолдингінің мәжіліс залында Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы келісім бойынша Канада өкілінің бастауымен Ұлыбритания, Испания, Чехия, Германия Федерациялық Республикасы және АҚШ мемлекеттерінің инспекторларының қатысуымен брифингт өтті.

 DSC_0058

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Асылан Досжанов көп ұлтты инспекциялық топтың өкілдеріне облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен, жағырапиялық ерекшеліктерімен таныстырды.

Жиында мәлім болғандай, бұдан екі жыл бұрын Канаданың басшылығымен Ұлыбритания, Испания, Чехия, Германия Федерациялық Республикасы, АҚШ мемлекеттерінен келген инспекторлар Қазақстанның Жайық өзенінің батыс жағына қарай, еуропалық бөлігіне Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы келісім шарттарына сәйкес «көрсетілген аумаққа» инспекция жасаған. Жалпы инспекция жасаудағы мақсат – еуропалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамсыз етуді, Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы келісімде көрсетілген және шектеу қойылған қару-жарақтың, әскери техниканың бар-жоқтығын тексеру.

DSC_0062

Бас қосу барысында инспекция жасаушы топ өкілдері жер жағдайы, күштік құрылымдар мен жергілік биліктің байланысы жайындағы сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Инспекция жасаушы топ Нұр-Сұлтан қаласына келісімен, жол бастайтын қазақстандық топқа Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласы маңындағы аумақтың координаттары көрсетілген хабарлама табыс еткен. «Көрсетілген аумақтың» жалпы ауданы 63,5 шаршы километрді құрайды, яғни келісімнің шарттарында көрсетілген (65 шаршы километр) көрсеткіштен аспайды. Инспекция жасалатын аумаққа инпекциялаушы топ әуе ұшағымен жеткізілген. Инспекциялау жұмысы аяқталысымен инспекция жасау жұмыстарының қорытындылары жөнінде ресми есеп жасалып, қол қойылған. Онда «көрсетілген аумақта» Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының қару-жарағы мен техникасының биылғы 1 қаңтардағы берілген мәліметіне сәйкестігін, аталмыш келісімде көрсетілмеген техника, қару-жарақтың жоқтығы көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы келісімнің халықаралық талаптарын орындап отырғаны расталған.

DSC_0060

Көп ұлтты топ басшысы, Канада мемлекетінің өкілі, подполковник Француа Косоның айтуынша, бұл шаруаға қатысушылардың айтуынша, инспекция жасау жұмыстары өзара түсіністік және әріптестік жағдайында өтіп, келісім шарттарын бұзу жағдайлары орын алмаған. Сондай-ақ өзге де мемлекеттердің өкілдері ҚР Қорғаныс министрлігінен жол бастаушы топ өкілдеріне бірлескен жұмысты орындаудағы көмектері үшін ризашылықтарын білдірді. ҚР Қарулы күштерінің, облыс әкімідігінің өкілдері «көрсетілген аумақта»  инспекция жасау жұмыстарының жоғары деңгейде өткендігін атап көрсетті.

Жиынға қатысушылардың айтуынша, 1996 жылдан бері Қазақстан жеріндегі «көрсетілген аумақта» өткізілген 25-ші инспекциялау жұмысы.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале