28.03.2019, 17:31
Оқылды: 17

250-ге тарта тұрмыстық тауарды өндіруге демеуқаржы беріледі

Елбасы тапсырмасына сәйкес биыл елімізде «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға 600 млрд. теңге бөлінді. Оның 400 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, 200 млрд. теңгесі ауыл шаруашылығы өнімдеріне жұмсалмақ. Жеңілдетілген несие бағдарламасы ауқымында 250-ге тарта тұрмыстық тауарды өндіруге демеуқаржы беріледі. Бұл жөнінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңсесінде жергілікті кәсіпкерлермен өткен кездесуде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Исқалиев айты.

proektnyi ofis (2)

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік филиалы директорының орынбасары Әсет Тілемісовтің сөзінше, жеңілдетілген несиелеуге еліміздегі екінші деңгейлі банктер қатысады. Банк шарттарында несиелеу 15 пайыз көлемінде қарастырылғанымен, кәсіпкерлер тек 8 пайызын төлейді. Бұл бағытта Үкімет пайыз төлемін субсидиялау үшін 30 млрд. теңге қаражат бөлген. Бағдарламаның алғышартына сәйкес кәсіпкер өнімнің қаулыда көрсетілген азық-түлікпен тауар тізімі сәйкестігін, қаржылық қолдауға ие болғаннан кейінгі екі жыл ішінде жұмыс орнының орташа жылдық санын сақтап отыруы міндетті немесе табыстың 10% көлеміндегі өсімін қамтамасыз етуі керек. Жеңілдетілген несие ішкі нарықта халық күнделікті тұтынатын тауарлар көлемін ұлғайтуға, импорт көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Тауарлар қатарына ет-ұн өнімдері, балалар тамағы, тұрмыстық керек-жарақ, сабын, жуғыш заттар, кеңсе, студия және асүй жиһаздары, киім-кешек, кілем, төсек жабындысы, қағаз өнімдері, турим саласы жабдықтары енген. Бағдарлама арқылы мемлекет шағын және орта бизнес иелеріне, өңдеу өнеркәсібі мен агрокешен кәсіпорындарына қолдау көрсетеді.

Дөңгелек үстелде өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Иденов «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесі іске қосылғанын, оның құрамына жергілікті атқарушы билік, «Даму» қоры және кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдері енгенін хабарлады. Кеңсе жеңілдетілген несие талаптарын түсіндіреді және бизнес иелеріне басқа да мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін насихаттайды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Исқалиев шұғыл мобильді топ жасақтап, аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жедел кірісуді тапсырды.

Нұртай Алтайұлы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале