31.05.2015, 9:52
Оқылды: 22

Қанды оқиғаларының жаңғырығы мәңгі ел жадында.

kaztalovka  Қуғын-сүргін, ашаршылық жылдарындағы қанды оқиғаларының жаңғырығы мәңгі ел жадында. Солақай саясаттың кесірінен қазақ халқының жартысына жуығы аштықтан қырылды. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары "халық жауы" деген жала жабылып, атылып кетті...

29 мамыр күні аудандық өлкетану мұражайында аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Арманда кеткен боздақтар" атты кеш өтті.

Ұйымдастырылған кешке аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, Алма Оразбаева атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Саида Сейтжанова және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтардың ұпақтары шақырылды.

Кеш қонақтары,- ел басынан өткен қилы заман турасында әңгіме қозғап, бүгінгі ұпақтардың басына бермесін,- деген тілектерін жеткізді.
Кеш барысында сол зұлмат жылдар туралы бейне ролик көрсетіліп, өлеңдер оқылды.

www.zhaikpress.kz

Казталов ауданы

Егзалиева Жазира

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале