27.07.2016, 19:03
Оқылды: 74

Жиырма жыл Жайықтың бойымен

13782102_1223058774394246_8796328359146076573_nБүгін оралдықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жиырмасыншы  рет ұйымдастырылған Қазақстан-Ресей тарихи-мәдени, экологиялық, спорттық, туристік экспедициясының мүшелерін Жайық өзені жағалауынан қарсылады.


Экспедицияға қатысқан облыстық делегация мүшелері мен  Ресейдің Орынбор облысынан келген меймандарды қала әкімі Нариман Төреғалиев, қалалық мәслихат депутаттары мен студент жастар қарсылап алды. Шараға қатысушылар алдымен Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарға арналған мәңгілік алауға   гүл шоқтарын қойды.

13659195_1223059191060871_4217422071004097418_nБұдан соң шараға қатысушылар қазақ драма театрында өткен Жайық өзені бойымен 20 жыл бойы үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан экспедицияның тарихынан сыр шертетін суреттер көрмесін тамашалауға бет алды.

Көрменің ашылу салтанатында экспедиция мүшелері мен қатысушыларды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.

-Жайық өзенінің бойында орналасқан көршілес екі елдің, қала берді екі облыстың арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, өзен бойының экологиялық жағдайын сақтауға, табиғаттын қорғауға бағытталған экспедицияға биыл 20 жыл толып отыр. 13781952_1223060911060699_7107088188102454737_nЖайық екі мемлекетті қосып отырғандықтан, бүгінгі шараға Орынбордан келген үлкен делегация қатынасып отыр. Жыл сайын осы екі өңірдің басшылары мен тұрғындары, туған еліне жанашыр азаматтарының аталмыш  экспедицияға қатынасуының өзіндік нәтижесі бар деп айта аламын. 20 жыл бойы өтіп келе жатқан экспедицияның мақсаты  екі  облыстың тек бір-біріне барып келуі ғана емес, осы өзеннің мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеруге атсалысу болды.

13876510_1223061091060681_5013134188122556344_nСоның нәтижесі биыл жоспарға сәйкес екі мемлекет басшысының қатысуымен өтетін форумда үкіметаралық келісімге қол қойылады деген жоспар бар. Ал қол қойылған жағдайда ол құжат әрі қарай іске асыратын – сіз бен біз. Жайық өзенінің өзекті мәселесі жыл сайын көтеріліп келеді. Шын мәнісінде, бұл – қолға алып, қолдау көрсетерлік үлкен мәселе. Жайық өзені бойын бірнеше мыңдаған халық мекендейді. Сондықтан өзен су деңгейін түсірмеу, оның жағасын ластамау сол тұрғындардың ортақ ісі болмақ. Кеше ғана облыстық делегация Орынбор қаласында болып, өңір басшысы Юрий Бергпен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Биылғы жылы өзендегі су деңгейінің мол болуы – көршілес облыстағы әріптестеріміздің бізге деген көмегі. Көктем мезгілінде Жайық өзеніне судың жіберілуін Орынбор облысының басшысы өзі қадағалаған екен. Өздеріңіз көріп отырғандай, осы жылғы өзеннің су деңгейі жақсы. Осы суды сақтап қалу үшін жұмыстануымыз керек. Бұндағы мақсат – біз келер ұрпаққа Жайықты  суы мол әрі таза қалпында жеткізуіміз керек.

13654205_1223061061060684_785450670757902738_nЖас ерекшеліктеріне, қызметтеріне қарамастан, осы экспедицияға қатынасқан өңір адамдарына зор алғыс айтамын. Сонымен қатар осы шараның басы-қасында болып, жанашырлық танытып жүрген экспедиция жетекшісі Елена Тарасенкоға, Орынбор қаласынан келген делегацияға өз ризашылығымды білдіремін. Батыс өңіріне қош келдіңіздер! - деді облыс әкімі Алтай Сейдірұлы.

Көрменің ашылу салтанатында Орынбор облыстық мәдениет және сыртқы байланыстар министрінің орынбасары, халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Александр Калинин, экспедиция жетекшісі Елена Тарасенко сөз сөйлеп, аталмыш шараның мән-маңыздылығына тоқталды.

Мерекелік шара соңында өңір басшысы Алтай Көлгінов экспедицияға қатысушыларды алғысхатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Бұдан соң келген қонақтар мен өңір тұрғындары 20 жылдық тарихы бар экспедицияның суреттер көрмесін тамашалады.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале