8.06.2015, 12:17
Оқылды: 43

Оралда аула клубтары жазғы маусымға жоспарлаған шараларын бастап кетті.

ZH  Оралда аула клубтары жазғы маусымға жоспарлаған шараларын бастап кетті. Қазір қаланың әр ауданында ашылған 18 аула клубында 100-ге тарта үйірме жұмыс істейді деп хабарлайды www.24.kz ақпараттық порталы. Оған қатысатын балалар мен жасөспірімдердің жалпы саны 2 мыңнан асады. Аула клубтарының жұмысы, әсіресе, жаз маусымында қыза түседі. Өйткені үш ай демалыста балалардың барар жері – осы аула клубтары. Жазғы маусымды салтанатты жағдайда ашқан «Атамұра» аула клубының шарасына ата-аналар да көп жиналды.

Аталған аула клубына қаладағы 5 мектептің шәкірттері қатысып жүр. Олар саз аспаптарында ойнауды тегін үйренумен қатар, ән айту, би билеу және шахмат, тоғызқұмалақ секілді ой-өрісті кеңейтетін спорт түрлерін меңгереді. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында әрбір ауланың өз футбол командалары да жасақталған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале