28.06.2016, 12:47
Оқылды: 29

29 нысанның 21-іне мүлік жарияланды

legaliz JanibekЖәнібек ауданы бойынша күні бүгінге аудан әкімдігі жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға 29 өтініш түсті. Бұл мүлік нысандарының жалпы құны 167 миллион 500 мың теңге құрайды. Осы нысанның 5-уі тұрғын үй саласына жатса, ал тұрғын үй емес нысанға 24 нысан кіреді.  Тұрғын үй емес 24 нысанның ішіндегі 17-сі коммерциялық нысандар, нақтырақ айтқанда дүкендер, тойханалар, асханалар және тағы басқа да нысандар болып табылады.


-Жоғарыда айтылған 29 нысанның 21-іне мүлік жария етілді,-дейді аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның төрағасы Біржан Қуаналиев, - Мүлік жария етілген нысандардың 2-уі тұрғын үй болып саналып, жалпы құны 6 миллион теңгені құрады. Ал тұрғын үй емес нысандардың саны 19 болса, олардың жалпы құны 118 миллион 500 мың теңгеге бағаланды.  Солардың ішінде 13-і коммерциялық нысандар қатарына жатқызылып, оның құны 80 миллион теңгені құрады.

Оның мәліметіне сүйенсек, аудан әкімдігі жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға түскен 7 өтініш мүлікті жария ету заңнамасына сәйкес, дәлірек айтқанда топтамада берілген құжаттардың толық емес болуы, берілген құжаттардың ішіндегі қателіктерді өшіру, бояу тағы басқа  және арыз иесінің өтінішін қайтарып алуы сияқты себептерге байланысты кері қайтарылған. Сондай-ақ бір өтініш қазір қаралу үстінде.

                                                                           www.zhaikpress.kz
Н.Жапақов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале