10.06.2015, 16:22
Оқылды: 62

Аудандық лагерь ашылды

3-суретБөкей ордасы аудандық «Арай» стационарлық туристік-сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты оздырылып, оған аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиева, Сайқын ауылдық округі әкімі Б.Насимоллин, аудандық білім бөлімі басшысы Е.Иманбаев, әдіскері А.Карина, аталмыш орталық директоры К.Құрмашев, «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Әшенов пен орталық қызметкерлері және демалушылар қатысты.

Алдымен қаз-қатар сап түзеген топтарды топ басшылары тәртіпке шақырып, кезекпен аға тәлімгерге баянат тапсырды.

Құттықтау сөз алған Лариса Тельманқызы осында ұйымдастырылатын қызықты шаралардың барлығы лагерь демалушылары үшін екендігін айтып, оларға жаңа достар тауып, ұмытылмас әсер алғайсыңдар деген тілегін білдірді.

Өз кезегінде лагерьдің өнерлі өрендері әсем ән мен келісті биден шашу шашып, көпшілік көңілін бір серпілтіп тастады.

www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале