11.06.2015, 18:36
Оқылды: 19

Облыс әкімі оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында сала мамандарымен кеңес өткізді

Okushilar demalisi  Бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесін талқылау мақсатында сала мамандарымен кеңес өткізді.

  • 2014-2015 ж оқу жылдарының қорытындысы бойынша, облысымыз ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы облыстар бойынша бірінші орын. Ал, Республика бойынша Алматы және Астана қалаларынан соң үшінші орынды иеленіп отырмыз. Бұл ұстаздардың, облыстық білім басқамасының, аудандық білім беру бөлімдерінің еңбегі. Ендігі кезекте жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесі болып отыр. Лагерлерде санитарлық, гигиеналық жағдайларды қадағалауымыз керек.- деді, облыс басшысы Нұрлан Ноғаев.

Жиын барысында сала мамандары 2014-2015 жылдардағы жүйелі жұмыстарымен таныстырды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале