17.03.2016, 16:18
Оқылды: 48

3 айға толмайтын уақытта 20 ұсақ бұзақылыққа қатысты іс қаралды

Akjayik 3 aida akimshilik kykik   Ақжайық аудандық сотында биылғы қаңтар айынан бастап бүгінге дейін 20 ұсақ бұзақылық әрекеттерге қатысты іс қаралды. Былапыт сөйлеу, ортақ пайдалану орындарын, басқа да жерлерді коммуналдық қалдықтармен ластау және айналасындағыларды сыйламау секілді келеңсіздіктер жиі кездесуде. Айталық, соның ішінде қоғамдық орынға тұрмыстық және темекі қалдығын тастаудың 6 оқиғасы бар. Мысалы, Чапаев ауылынан Н. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 434-бабымен екі рет «темір тезге» алынды. Яғни, ол қоғамдық орынды ластауын (тұрмыстық қалдықты және темекі тұқылын белгіленбеген орынға тастау) жылға толмайтын уақыт ішінде қайталап жасаған. Сол кодекстің 434-бабының 1 және 2 бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық әрекет жасағаны үшін қамаққа алынды.


– Ұсақ бұзақылық әрекеттер жасап, сол әрекеті үшін қамаққа алынып, айыппұл төлейтіндердің саны артып отыр,-дейді Ақжайық аудандық сотының жетекші маманы Әлия Төлегенова. – Әкімшілік жазаға тартылып, әрқайсысына жасаған ұсақ бұзақылық әрекеттеріне жаза ретінде, 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, яғни 21210 теңге айыппұл салынды және соның ішінде 9 адамға әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы тағайындалды. Негізі, елімізде айыппұл көлемі жоғары деп деп шулаймыз. Алайда, айыппұл көлемінің өсуі азаматтардың жанына батпай отырғандар, өз қателіктерін түсінбей жатқандар бар. Мұны тірлікке бейқам қарау деп айтқан жөн шығар.

 www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале