12.09.2016, 9:14
Оқылды: 22

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды мұсылмандардың ұлық мерекесімен құттықтады

akim-kyrban-ait  Құрбан айтқа орай еліміздің барлық өңіріндегі секілді облысымыздағы мешіттерде де Айт намазы өтті.

 Орал қаласындағы орталық мешітте болған Айт намазына облыс əкімі Алтай Көлгінов қатысты. Өңір басшысы батысқазақстандықтарды мұсылмандардың ұлық мерекесімен құттықтады.


 -Ислам діні ізгілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке үндейді. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында мемлекетімізде ауызбірлік, ынтымақ салтанат құруда. Соған орай республикамызда тұрып жатқан ұлттар тату-тəтті өмір кешуде. Тұрмыстары жақсаруда. Құрбан айт мерекесі құтты болсын, құрбан шалуға ниет еткен жандардың ниеттері, тілек-дұғалары қабыл болсын!-деді Алтай Көлгінов.

Содан кейін облысымыздағы өкіл имам Руслан Сұлтанов Құрбан айт мерекесінің тарихы, оны тойлау ерекшелігі жөнінде уағыз айтты.

www.zhaikpresskz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале