21.04.2017, 18:58
Оқылды: 18

Дәріхананы тонаған ұры ұсталды

Бұл туралы  БҚО ІІД бөлініс басшыларының қатысуымен өткен брифингте айтылды.

ІІД Орал қ. ІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Руслан Дүйсенғалиев қаладағы Ларин көшесінің бойындағы «Кардио Плюс» дәріханасының ғимаратында болған қарақшылық шабуыл туралы айтып берді.

Аталған оқиғаның мән-жайына тоқталар болсақ, 2017 жылғы 19 сәуір күні шамамен 22:40-та белгісіз біреу И.Ларин көшесі мекенжайында орналасқан «Кардио-Плюс» дәріханасынан пышаққа ұқсас затпен қорқытып, кассадан сол дәріхана иесіне тиесілі ақшаны тонап кеткен.

Келіп түскен хабарламаға жедел ден қойып, оқиға орнына лезде жеткен №511-патрульдік автокөлігінде жүрген полиция қызметкерлері полиция аға сержанты Н.Темірешев, полиция кіші сержанты А.Намазов және взвод командирі полиция аға лейтенанты А.Жанаев қылмыс болған аумақты тексеріп, нәтижесінде күдікті деп танылған 1986 жылғы тұрғынды ұстады.

Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 192-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Брифингте сонымен қатар 10 сәуірден бастау алған республикалық «Қару» акциясының өту барысы айтылды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале