26.06.2015, 12:14
Оқылды: 21

Волейболдан ел Чемпионаты басталды.

Voleiboldan tyngish el 4empioni  Сәрсенбіде «Конденсат» АҚ-ның спорт залында 1998-1999, 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан ел Чемпионаты басталды. Бұған Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары, Батыс Қазақстан облысы, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларының спортшылары қатысты.

Чемпионаттың ашылу рәсіміне арнайы келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов жарысқа қатысушыларға «Хош келдіңіздер!» айтып, оларға осынау тартысты бәсекеде табыс тіледі. Ол сөзінің соңында жарыстың бас төрешісі Геннадий Фимушкинге  елімізде волейбол спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтып,  иығына қазақы шапан жапты. Ақжайық өңірінің қонақжайлылығына ризашылығын білдірген ардагер спортшы бір кездері өзі еңбек еткен бұл өңірді ешуақытта ұмытпайтынын жеткізді.

Бас төрешінің сөзінше, бұл – елімізде волейбол бойынша өткізіліп отырған тұңғыш чемпионат. Бұған дейін спорттың осы түрі бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде жазғы, күзгі, көктемгі және қысқы лигалар өткізіліп келсе, енді өзге де спорт ойындары секілді, волейбол спорты бойынша да ел чемпионаты жиі ұйымдастырылатын болады.

Фимушкиннің айтуынша, аталмыш жарыста еліміздің әр түкпірінен келген 40 команда бақ сынаспақ. 23 маусымда басталған чемпионат, бұйырса, 29 маусымда қорытындыланатын болады.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале