15.12.2015, 15:13
Оқылды: 23

37 батысқазақстандық мемлекеттік награда алды (ФОТО)

saltanat sarayi01

  15 желтоқсан күні қаламыздағы Салтанат сарайында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

saltanat sarayi02

  Жиынды ашқан облыс басшысы батысқазақстандықтарды еліміздің ұлық мерекесімен құттықтап, тәуелсіздіктің оңай келмегенін, егемендік алған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Елбасымыздың бастауымен жүз жылға татитын істер атқарылғанын тілге тиек етті. Соның арқасында мемлекетіміздің белделі артып, әлемдік қауымдастықтан өз орын алды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайының жақсаруы бұл елдегі бейбітшілік пен бірліктің арқасында мүмкін болды. Соған орай биылғы жыл республикамызда Ассамблея жылы деп белгіленді. Ұлы Жеңістің 70, Қазақ хандығының 550, Конституцияның 20 жылдығы да жоғары дәрежеде атап өтілді. Елбасының таяудағы Жолдауында дағдарысқа қарсы нақты күрес шараларды белгіленіп берілді. Бұл әлемді жайлаған дағдарыстан қиналмай өтуге, елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік берері анық.

saltanat sarayi03

         Сондан кейін облыс әкімі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ҚР Президенті Жарлығына сәйкес еліміздің қоғамдық, әлеуметтік-мәдени дамуына, ұлттар арасындағы достықтың нығаюына айтарлықтай үлес қосқан бір топ батысқазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мәселен, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қызметкері Кәрім Бердашев, Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов, «Стройкомбинат» ЖШС директоры Бақытжан Нұрбаев «Құрмет» орденін алса, «Батыссуарнасы» ЖШС дәнекерлеушісі Александр Болдарев, Қазталов ауданының механизаторы Сансызбай Құрманғалиев «Еңбек даңқы» орденін өңірлеріне тақты.

saltanat sarayi04

   Ал ҚР Құрмет грамотасын алғандардың арасында «Жайық пресс» ЖШС-ның қызметкері Қазбек Құттымұратұлы бар. Жалпы 37 батысқазақстандық  мемлекеттік награда алды.

www.zhaikpress.kz

Сәкен Әбілхалықов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале