15.01.2016, 11:07
Оқылды: 19

37 бөкейлік кəсіпкер мемлекеттік бағдарламалар арқылы 80 млн. 20 мың теңге несие алды

ДКЗ 2020Бөкей ордасы ауданында шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа өндірістер мен қызмет көрсету орындарын ашуға жан-жақты қолдау жасалуда.


Былтыр «Жұмыспен қамту – 2020», «Кәсіпкер» сынды бағдарламалар арқылы 37 тұрғын 80 млн. 20 мың теңге несие алды.
2016 жылдың 1 қаңтарындағы мəлімет бойынша, ауданда 837 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Салада жұмыс істейтіндер саны - 1486 адам.

2015 жылы шағын бизнес субъектілері 2 млрд. 772 млн. 900 мың теңгенің өнімдерін өндірді (қызметін көрсетті). Жыл ішінде жаңадан 5 шағын цех іске қосылды (наубайхана, сүт өнімдерін өңдеу цехы, профнастил, қамысты қорғандап буу және керамзитоблок өндірісі), оларда 11 адам жұмыс істейді.

Есептік кезеңде шағын цехтардың өнім көлемі 57 млн. 810 мың теңгені құрап, өткен жылғыдан 63,5%-ға артты.

www.zhaikpress.kz

Д.ӘЛИЕВ

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале