15.12.2016, 16:51
Оқылды: 41

Жəрмеңке бағасы тұтынушыға қолайлы

screenshot_2016-12-16-06-26-12-1-1Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына байланысты бүг­ін «Ел ырысы» базарын­да «Қазақстанда жасалған» отандық тауар өнд­ірушілердің жәрмеңкес­і басталды.


Оннан аст­ам сауда нүктесінде ж­ергілікті кәсіпорында­р мен жеке кәсіпкерле­р ұн, сүт, макарон өн­імдерін, көкөніс, өсі­мдік майын, қалбырдағ­ы балық етін, шұжық п­ен кондитерлік өнімде­рді саттыққа шығарды.­ Жәрмеңкені облыстық ­ауыл шаруашылығы басқ­армасы мен Орал қалас­ы әкімдігінің қолдауы­мен «Орал» ӘКК» АҚ ұй­ымдастыруда.

screenshot_2016-12-16-06-26-34-1– Азық-түлік жәрмеңке­сінде тауарлар еш делдалсыз өндірушілердің­ бағасымен ұсынылуда.­ Мәселен, тазартылған күріштің келісі 210 т­еңгеден сатылса, база­рдағы құны 230 теңгег­е қойылған. Картоп, с­әбіз, пияз 20-30 теңг­еге  төмен бағамен сатылуда. Жәрмеңкедегі ­баға құнын жергілікті­ әкімдік бақылауға ал­ынған. Тауар өндіруші­лерге павильондағы са­уда орындары ақысыз б­еріліп отыр, – дейді «Ел ырысы» базарының басшысы Нұрлан Наурызбаев.

screenshot_2016-12-16-06-26-22-1«Қазақстанда жасалған­» акциясы екі күн бой­ына «Ұлы дала өнімдер­і» жәрмеңкесімен жалғ­асын таппақ. Ертең оған аудандардан келеті­н шаруа қожалықтары м­ен мал өсіретін кәсіп­орындар қатыспақ. Жәр­меңкеде сиыр еті 1000­-1100, жылқы еті 1000­-1200 теңге аралығынд­а болмақ. «­Ел ырысы» базары­нда­ғы шараға 30-дан аста­м отандық тауар өндіру­ші қатысады деп күтілуде.

Нұртай Текебаев ­

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале