4.01.2017, 15:57
Оқылды: 31

Оралда монша кешені өртенді

pojar-sauna  Бүгін  Орал қаласының Самал-1 ауданы, «Ақжүніс» мөлтек ауданы, 43 мекенжайындағы «Три медведя» монша кешеніндегі ағаштан жасалынған мансардтық сауна өртенді. Өрт туралы хабарлама БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының өрт сөндіру байланысының орталық пультіне сағат 10:29-де түседі.

  Оқиға орнына күшейтілген екінші ранг бойынша гарнизонның күштері мен құралдары жетіп, өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері өртті сағат 11:23-те тоқтатады.

  БҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінен келген ақпаратта өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ екені айтылады. Өрт ауданы 160 шаршы метрді қамтып, монша маңында тұрған автокөліктер өртті сөндіруді қиындатқан.

   Өрт сөндіруге 10 бірлік техника және 30 жеке құрам жұмылдырылды.

  Өрт орнында Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, Өрт-сынау зертханасы және Орал қаласы Ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Оқиға себебі, келтірілген материалдық шығын және өрт туындауына кінәлі тұлғалар анықталуда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале