31.01.2017, 17:32
Оқылды: 45

Қазақстан жалпы командалық есепте бірден үш сатыға көтерілді

Universiada zoloto  Бүгін Алматыда өтіп жатқан XXVIII қысқы Универсиада ойындарының екінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орынға көтерілді.


  Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі кезде 8 медаль бар. Оның екеуі алтын, екеуі күміс, төртеуі қола. Ал командалық есепте бірінші орынды әзірге Ресей бермей тұр. Солтүстік көршілерімізде 17 медаль еншілеп үлгерді. Үздік үштікті Қытай қорытындылады. Олар 5 медаль жеңіп алған (2,1,2).

  Бүгін Қазақстан құрамасы сапынан биатлоншы Алина Райкова, фристайлдан командалық сайыста Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек бас жүлдеге қол жеткізген болатын. Сондай-ақ шаңғышы Галина Вишневская күміс, Анна Шевченко мен Екатерина Айдова қола жүлдегер атанды.

  Айта кетейік, кеше Қазақстан алғашқы жарыс күнін бесінші орынмен аяқтаған еді. Бүгін бірден үш сатыға көтерілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале