1.02.2017, 10:49
Оқылды: 43

Сақшылар 33 қолайсыз отбасын анықтады

semia neblagopolu4naya  Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы тұрмыстық күш қолдану фактілерінің алдын алу мақсатында облыс аумағында «Қолайсыз отбасы» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.


  Аталған іс-шараның мақсаты – кешкі және түнгі уақытта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қолайсыз отбасыларды анықтап, оларды есепке қою, қоғамға қарсы бағытталған кәмелетке толмағандар тобын, сондай-ақ, алкоголь өнімдерін қолданатын кәмелетке толмағандарды анықтау.

  Жедел-алдын алу іс-шараларына жергілікті атқарушы, прокуратура, білім беру басқармасы, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

  Үш күндік шара барысында ІІО-ға әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 100 кәмелетке толмаған оқушылар жеткізілді, 33 қолайсыз отбасы анықталды. Жергілікті полиция қызметкерлері түнгі уақытта көшеде заңды өкілсіз жүрген 70-тен астам жасөспірімді ұстады. Сондай-ақ,  балаларын тәрбиелеуде дұрыс міндеттерін атқармайтын 26 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Аталған бағыттағы жұмыс әлі де өз жалғасын табатын болады.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале