20.03.2017, 19:29
Оқылды: 17

400 отбасына қайырымдылық көмегі жасалуда (ФОТО)

IMG_9780Бүгін  облыс әкімі Алтай Көлгінов көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне баратын автокеруенді жолға салды. 


 

– Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Мейірімді көктем» жобасы аясында қайырымдылық шаралары басталуда. Бүгін Орал қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен 400 отбасына азық-түлік таратылады. Сонымен қатар «Арба» қоғамдық бірлестігіне жаңа арбаларды тарту етеміз. Басты мақсат – мұқтаж жандарға көпшілік болып көмектесу, қайырымдылық жасау. Көктем бойына осындай игі шаралар жалғасын табады,  – деді облыс басшысы Алтай Көлгінов.

IMG_9747Керуен жол тартқаннан кейін «Звезда» мейрамханасында қайырымдылық балы ұйымдастырылды. Қайырымдылық кешіне құны 20 мың теңгеге бағаланған билетті салып алған кәсіпкерлер, жергілікті мәслихат депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлер және шаһар тұрғындары қатысуда.

«Негізінен, Наурыз мейрамын кеңінен насихаттамақпыз. Салт-дәстүрімізді жаңғыртуға баса көңіл бөлінетін қайырымдылық балына 200-ден астам адам қатыспақ. 400 отбасына таратылатын азық-түлік себетінде шай, өсімдік майы, секер, қарақұмық, күріш бар. Ал «Арба» қоғамдық бірлестігіне 6 арба берілді. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектелуі жандар үшін Алматы қаласынан тапсырыспен тағы да он арбаны алдырмақпыз. Жаңа сипаттағы қайырымдылық кешін БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге  ұйымдастырудамыз», – деді БҚО Азаматтық альянсының жетекшісі Айгүл Түркина.


Гүлмира Батпақұлова
, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

– Биыл облыс әкімі Алтай Көлгінов ұсыныстарымызды құп алып, «Мейірімді көктем» акциясын іске қосты. Осы жоба аясында үш ай бойына қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Біздің бірлестік мүшелері ұсынған жобалар облыс әкімдігі қолдауымен оңынан жүзеге асуда. Мәселен, мекеме-ұйымдар  мен кәсіпкерлік нысандарының ғимараттары алдына пандустар қою мәселесін де көтергенбіз. Облыстың қайырымды азаматтары мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созып жатқанына ризашылығымды білдіргім келеді.

Әділбек Ибраев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 2-курс студенті:

– «Мейірімді көктем» жобасы аясында қайырымдылық шарасына атсалысып жатқаныма қуаныштымын. Билет құнынан түскен ақшаға сатылып алынған азық-түлік себетін кірісі аз жанұяларға тарту ету үшін белгіленген мекенжайларға көліктермен барамыз. Орал қаласының ішімен жүретін қайырымдылық керуені аманатты сәтімен жеткізуге ерікті түрде қатысудамыз.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz


IMG_9776

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале