10.02.2017, 16:56
Оқылды: 75

Оралдықтар елімізде газға бірдей баға белгілеуді ұсынды

Jayik jylukuat 04  «Жайықжылуқуат» АҚ-да Мәжіліс депутаттары Снежанна Имашева, Кеңес Әбсатыровпен өткен кездесуде Елбасы Жолдауының басты бағыттарын айтумен бірге коммуналдық кәсіпорын мәселелері де көтерілді.


  Әсіресе, газ бағасының жоғары болуы кәсіпорынның «бас ауруына» айналып келеді. «Жайықжылуқуат» АҚ коммерциялық директоры, Қазақстан халқы БҚО ассамблеясының мүшесі Вячеслав Солодиловтің айтуынша, өңірде Қарашығанақ кеніші орналасса да, 1 мың текше метр газ үшін 16580 теңге белгіленген.

  Бұл көршілес Атырау, Ақтөбе облыстарына қарағанда жоғары. 2012 жылдан 2016 жылға дейін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газ бағасын 56 пайызға көтерген. Биыл тағы 25 пайызға көтеру көзделуде. Кәсіпорынға ауыр тиетіні өз алдына, бұл тұрғындар үшін де коммуналдық қызмет ақысын көтеруге әкеледі.

  Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыруды басты міндет етіп қойғаны белгілі. Сондықтан үкіметтік деңгейде арнайы комисия құрып, барлық өңірлер бойынша жағдайды зерттеу керек. Соның негізінде елімізде газға бірыңғай баға белгілеуге болар еді. Сонымен қатар өңірде газ өңдеу зауытын салу мәселесі де көптен көтеріліп келеді. Бұл мәселе шешілсе, газ бағасының көтерілмеуіне әсерін тигізер еді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале