13.07.2015, 19:01
Оқылды: 8

Janibek baigede basim boldi    Үстіміздегі жылдың  ақпан айында  облыс журналистерінің  арасында   Ұлы Жеңістің  70 жылдық мерейтойына  орай  Орал қалалық  мәслихаты,  Мұрат Жәкібаевтың  продюсерлік  орталығы мен «Жайық Пресс» ЖШС-ның ұйымдастыруымен «Жеңіс тарихы» - «История победы» шығармашылық  байқауы жарияланған еді. Байқауға  Батыс Қазақстан  облысының аумағында жарық көретін және таралатын барлық газет редакцияларының  журналистері, сонымен қатар жарияланған байқауға қызығушылық  танытқан, Ұлы Отан  соғысы  жылдарындағы  майдандағы  жанқиярлық  ерлік пен тылдағы жанкешті еңбекті  паш етуге шынайы ықылас білдірген  журналистика саласының ардагерлері  қатысқан болатын. Шығармашылық додаға жеке жарияланымдар, сондай-ақ, тақырыптық топтамалар мен бір автор  материалдарының  сериясы ұсынылатындығы қатерленген-тұғын.

«Жеңіс тарихы» - «История победы» шығармашылық  байқауының  басты  мақсаты –Ұлы  Отан  соғысы кезінде батысқазақстандықтардың майдандағы  жанқиярлық  ерлігі мен ел ішіндегі, яғни тылдағы жанкешті еңбегін  барынша кең және жан-жақты  көрсетуге журналистерді  тарту, сонымен қатар көпшілікке  беймәлім, бұрын еш жерде жарияланбаған дерек-дәйектерді, фашистік басқыншыларға қарсы күресте жерлестеріміздің басынан өткерген  сын сағат, сындарлы сәттерін көрсетуге  ұмтылған журналистердің шығармашылық ізденісіне  қолдау  көрсету  болатын.

Үш кезеңнен тұратын, үш орын белгіленген  байқауға қатысатын  шығармашылық жұмыстарға   жоғары  азаматтық ұстаным, рухани бағыт, қозғалған тақырыптың  көкейкестілігі, қызықты шығармашылық ой, ерекшелік және өзгешелік, ұсынылған тақырыптың барынша кең ашылуы, қазақстандық қоғамды елжандылыққа тәрбиелеу және ел ішіндегі  тұрақтылықты  нығайту  талаптары қойылған еді.

Әріптесіміз Меңдігүл Ғарифоллақызы  байқаудың әр кезеңіне   «Шұғыла» газетінде биылғы жылдан бастап  жарық көрген мақалалар сериясын ұсынған болатын. Нәтижесінде  ағайынды Ғаділ, Шәкір Елемесовтар туралы ОБД мемориал сайтынан алынған мәліметтерді, басқа да мұрағаттық құжаттарды негізге ала отырып жазған «Соғыстар жүрген ол жерде, Шинелін оқпен көктеп ап» мақаласы  үздік деп танылып, екінші дәрежелі дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале