18.07.2017, 15:28
Оқылды: 19

41 жобаны инвесторлар қаржыландырмақ

Березовтықтарды көшіру тамыздың ортасынан кешікпей басталуы керек.


Миланда өткен ҚПО б.в. компаниясын бірлесіп басқару бойынша комитет жиналысы кезінде облыс әкімі Алтай Көлгінов дәл осындай міндет қойды. Өңір басшысы атап өткендей, биыл облыста жол, тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салу сынды 41 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олар жер қойнауын игерушілер тарапынан жүргізілмек.

-ҚПО б.в. компаниясының 2017 жылға арналған әлеуметтік-инфрақұрылымдық аударымдары есебінен облыс көлеміндегі жалпы ұзындығы 70 шақырым болатын жолдарды жөндеу, соның ішінде Орал қаласында 19 шақырымы, депо көпірін қайта салу жоспарланған.

Жер қойнауын игерушілердің қаржылары үш көп пәтерлі үйдің (273 пәтер), бір орта мектеп пен дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ақсай қаласы мен Бөрлі ауылында қос бірдей балабақшасы құрылысына, Оралдың үш көшесі мен әуежайға дейінгі жолды жарықтандырудың бетон тіректері мен әуе желілерін жерасты желілеріне ауыстыру, қуат үнемдейтін шамдар орнату, әлеуметтік нысандар жөндеу, инженерлік желілер таруға, жол салуға бағытталды. Бұдан басқа Бөрлі ауданы Аралтал ауылында 100 тұрғын үй құрылысы аяқталады.

Барлық жоба уақтылы және сапалы түрде орындалуы керек,-деді Алтай Сейдірұлы.

Жиын барысында сондай-ақ, ҚПО б.в. тарапынан сатып алу кезінде жергілікті қамту көлемін арттыру бағытындағы жұмыстарды белсенді жүргізу жөнінде де келісімге қол жеткізілді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қарашығанақ жобасындағы қазақстандық қамту көлемі 51,6 пайызға жетіп, 530 млн. АҚШ долларын құрады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале