25.02.2017, 20:22
Оқылды: 62

Екі ел ардагерлерінің ынтымағы нығая түспек

received_645055105692577Бүгін Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда екі елдің ардагерлерінің басын қосқан салтанатты шара өтті. "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы және көршілес Самара облысының ардагерлер кеңесімен бірігіп, қос елдің ардагерлері арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ынтымақтастық келісімге қол қойылды.


 

Сахнаға көтерілген "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов пен Самара ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Иван Сахаров "бұл игі бастама екі ел арасындағы достықты нығайтып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болса екен" деген ақжарма тілектерін арнады. Олар бір-біріне естелік сыйлықтар ұсынып, сыйластықтың шынайы үлгісін танытты.

received_645054969025924"Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Мырзағали Мұхамбетов өз ойын былай сабақтайды:

- Биыл ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай ардагерлер арасында балық аулаудан халықаралық жарыс ұйымдастырдық.

IMG-20170225-WA0055Жарысқа Самара, Орынбор қаласынан және Атырау обылысы мен өзіміздің өңірдегі ардагерлер барлығы 12 команда қатысты.

Бірінші орынды "Зенит", екінші орынды Орынбор қаласы, үшінші орынды "Казтранском" командалары иеленді. Жарысқа қатысушылардың бәрі арнайы сыйлықтармен марапатталды,- дейді ол.
Салтанатты шара соңы облыстық филармония ұжымы дайындаған сазды концертке ұласты.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале